Ақтөбеде су айдындарының жағасы тазаланып жатыр
Ақтөбеде су айдындарының жағалауы күл-қоқыстан тазаланып жатыр. Бұл жұмысқа облыс бойынша «Жасыл ел » еңбек жасағының 600-ге жуық мүшесі тартылған. Жастар «Таза Қазақстан » акциясы аясында тасқын кезінде су шайып кеткен аумақтарды да қоқыстан арылтты. Әсіресе, Елек пен Қарғалы өзендерінің жағалауына ерекше мән берілген. Санитарлық жұмыстарға Балық шаруашылығы инспекциясының мамандары да қатысып, су айдындарына заңсыз құрылған ауларды тапты. «Жасыл елдіктер » осы уақытқа дейін жүз тоннадан астам қоқыс шығарған.
Нұржан Шаңғытбаев,облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының төрағасы:Алдағы уақытта «Таза жағалау» акциясын жаз бойы жалғастыратын боламыз. Елек, Қарғалы, Сазды, Ақтөбе суқоймаларының жағасын жаз бойы жинайтын боламыз.
Нұрбек Құлыбекұлы, «Торғай-Тобыл» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:Бұл акцияның басты мақсаты - су айдындарын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалау. Сонымен қатар су айдынына заңсыз орнатылған, тасталған аулардан тазарту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04