Үкіметте агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайы талқыланды

30.05.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылады. ЕуроОдақ нарығына азық-түлік экспортын арттыру шаралары, сондай-ақ, өнім өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру мәселелері қаралды. Қазақстан мен ЕуроОдақ елдері ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа стандарттарын арттыру және фермерлерді қолдау саясатын жалғастырады. Януш Войчеховский Қазақстанда инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, ЕуроОдақ елдерінің екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады. Кездесу барысында Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы екіжақты тауар айналымының оң динамикасы айтылды. Жалпы, тартылған инвестициялардың 40%-дан астамы және Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕуроОдақ елдерінің үлесіне тиесілі.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың маңызды секторларының қатарына кіреді. Еліміздің сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы әлеуетін, сондай-ақ Еуропа тарапынан артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, біз қазақстандық тауарларды Еуропа нарығына экспорттау номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруымыз қажет.


Хабарламаларға жазылу