6434 адам мәйіттік донор болуға келісімін берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6434 адам мәйіттік донор болуға келісімін берген

29.05.2024

Ел ішінде 6 мың адам мәйіттік донор болуға келісімін берген. Мұны Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйрелстіру жөніндегі орталық мамандары айтты. Мамандар арнайы сауалнама да жүргізген. Бүгінде ағза трансплантациясы өзекті. Жыл сайын донор күткен 300-дей науқас отаға жетпей көз жұмады.

Астана тұрғыны Ермек Қалықбаев 2019 жылдан кешегі күнге дейін бүйрек дертімен арпалысқан. Ағза жарамсыз болғандықтан, дәрігерлер туыстық донор арқылы ота жасауға кеңес берді дейді. Бірақ, ол мәйіттік донорды күтуге бел буған. Биыл қыста оған мәйіттің бүйрегі сәйкес келіп, ота жасалды. Құлан таза айыққан ол, «халық мәйіттік донор мәселесіне селқос қарамаса екен»- дейді.

Ермек Қалықбаев, қала тұрғыны:
Ауырғанымды да сезген жоқпын. Уақыт жоқ, ешқашан емделу дегенге қол тимейді. Звондаған кезде мен келдім. Бірақ, 5-6 адам болды. Бәрімізден анализ алынды. 

Елімізде мәйіттік донор арқылы жылына бар-жоғы 5-6 ғана ота жасалады. Трансплантологтың сөзінше, күту парағында тіркелген пациенттердің 80 пайызы бүйрекке зәру. Одан кейін жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безі мен көз қабығына мұқтаждар бар. Туыстары ағзасын берем десе-дағы, кедергі көп. Яғни, шылымға, ішімдікке әуес жандар донор бола алмайды. Ал, мәйіттік донор болуға келісітіндер жоқтың қасы.

Мэлс Асықбаев, трансплантолог:
Ең басты проблема мәйіттік донордың жеткіліксіздігінен, яғни мәйттік трансплантацияның аздығы. Күту парағында тұрған пациенттер олардың барлығы доноры жоқ пациенттер. Күту парағында тұрғанның көбісі туысқаны бар болса да, келсіп, туысқаны берем десе де, факторлары бар. Қан тобы сәйкес келмейді. Екінші сенсибилизацияланған пациенттер. 

Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығы мамандары да азаматтардың көбі көз жұмғаннан кейін ағзасын өзгеге беруге дайын емес екенін айтады. Бұл отандық транплантацияның оңалуына айтарлықтай кері әсер етеді деп отыр.

Назгүл Жылгелдина, ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы басшысының орынбасары:
Азия елдерін алсақ, мұсылман елдерінде Иран, Катар оларда 12-ден 20-ға дейін миллион адамға шаққанда. Қазақстан енді ең соңында демесек те миллион адамға 0,2 ғана. Жылына 6-7 ғана мәйіттік донор жасалады. Жылына 5-6 мәйіттік донор мәселені шешпейді,. Сол себепті біз ел арасында қазір ағарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Қолданыстағы заңға сай, науқас донор болуға келісім берген күннің өзінде туыстарынан рұқсат сұрау міндетті. 90 пайыз жағдайда марқұмның жақындары оның шешімімен келіспей, бас тартады. Бір марқұмның ағзасы 7 жанның өмірін ажалдан құтқарады. Дегенмен азаматтарды мәйіттік донор болуға ешкім міндеттемейді. Егер бұған келісім бергіңіз келсе, электрондық үкімет арқылы рұқсат беруге болады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу