Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және Әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін» – деп жазылған жеделхатта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/194361/)