Қазақстан мен Түркіменстан сауда-саттық көлемін 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркіменстан сауда-саттық көлемін 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр

28.05.2024

Қазақстан мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлері шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Соңғы бес жылда екеуара сауда-саттық 28 пайызға артып, 563 млн долларға жеткен. Президенттер тарапынан қойылған жаңа міндет бойынша, бұл межені 1 млрд долларға дейін жеткізу көзделген.

Осындай ауқымды жұмыстарды Орталық Азияның барлық елдерімен жүзеге асыру Қазақстан үшін өте маңызды. Осы мақсатта тамыз айында Астанада консультативтік кеңес өткізу жоспарланған.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
 
Біз биылғы тамыз айында Астанада өтетін консультативтік Кеңестің VI саммитіне дайындық мәселелерін ортаға салдық. Нақты айтқанда «Орталық Азия - 2040» өңірлік кооперация даму стратегиясына қол қою маңызды, деп санаймыз. 

Хабарламаларға жазылу