СҚО: Бірнеше ауданда тасқыннан зардап шеккендерге үй салу қарқынды жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО: Бірнеше ауданда тасқыннан зардап шеккендерге үй салу қарқынды жүріп жатыр

27.05.2024

Петропавл қалалық әкімдігі жаңадан салынып жатқан «Солнечный - 2 » кентінен үй алғысы келетін азаматтардан өтініш қабылдауды бастады. Санаулы күн ішінде 70 отбасы жаңа ауданға қоныстануға ниет білдіріген. Тасқын салдарынан баспанасыз қалған 31 отбасына пәтер берілді. Қалада 660 үй тұруға жарамсыз деп танылған. Бүлінген мүлікті бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Александр Корчиганың 10 жыл тұрған үйінен қалғаны осы. Жиһаз бен тұрмыстық техника қоқысқа айналған. Сарапшылар баспананы тұруға жарамсыз деп таныды. Енді, ол жаңадан бой көтеріп жатқан үйлердің бітуін асыға күтіп жүр.

Александр Корчига, Петропавл қаласының тұрғыны:
Үйлер өте әдемі әрі жайлы екен. Маған ұнап қалды. Құрылыс басталған уақытта бірінші рет келіп көрдім. Қазір мүлде басқа картина. Сапасы да көңілімнен шықты. Осы ауданнан өзіме бір баспана алғым келеді.

Мына үйлердің іргетасы бір ай бұрын ғана қаланды. Құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Бірер күнде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, аула абаттандырылады.

3 бөлмелі баспананың жалпы ауданы 80 шаршы метр. Қолданылатын материалдардың басым бөлігі - отандық өнім. Жер учаскесі - 10 сотық.

Әсем Айтолла, Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
 Саяжайдағы үй үйлер, олар тұрғындар жыл бойы сонда тұрған. одан басқа мүліктері жоқ тізімде 75 адам бар. Бұл тізім бойынша тексеріс жүргізіледі. Саяжайдағы үйлер қалпына келтірілетін болады не болмаса орнына жаңа пәтер алатын болады.

Облыс бойынша 4 мыңға жуық үй мен 3 мыңнан астам саяжай уческесін су басты. Табиғи апаттың салдарын жою жалғасуда. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бәрін қалыпқа келтіруге 70 млрд теңгеден астам қаражат қажет.

Эльмира Кәленова, тілші:
«Солнечный - 2 » кентінде 500 үй салынып жатыр. Алды маусым айында қолданысқа берілуі тиіс. Баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған тұрғындар қалалық әкімдікке өтініш беріп, жаңа үй иесі атануға болады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу