Көкшетауда қарғын су кірген 89 үй тұруға жарамсыз
Көкшетау қаласында қарғын су кірген 89 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Қалған 40-ы күрделі жөндеуден өтеді. Комиссия осындай шешім қабылады. Қазір бағалау жұмыстары аяқталды. Жалпы шаһарда тасқын кезінде дүние-мүлкі бүлінген 168 адам өтемақы алуға өтініш берген. Оның барлығы бағалаушы мекемеге жіберіліп, 90-ға жуық тұрғынның шығыны анықталды. 368 адам жүз айлық есептік көрсеткіштегі біржолғы әлеуметтік төлем алған. Оларға 135 миллион теңгеден астам қаражат төленді.
Махаббат Самрат, қала әкімінің кеңесшісі :89 үйдің иелеріне көмек көрсетіліп жатыр. Олар негізінде өздері пәтер, үй табулары керек. Қазір сол бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта 46 пәтер қарастырылды. Олардың 41-і пәтерлі болды және 5-і қоғамдық қордың қаралуында.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00