Су басқан үйлерді бағалау жалғасуда
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында су басқан үйлердің 80 пайызы тексерілді. Тек қана Большая Малышка ауылында 321 баспана тасқыннан зардап шеккен болатын. Елдімекенде 1 мыңға жуық адам тұрады. Табиғи апат кезінде олардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тұрғындардың басым бөлігі өз шаңырақтарына оралып үлгерді. Бүлінген мүлікті қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға үйлерді жөндеуге механикалық бригадалар қолқабыс етіп жатыр. Көкшетау және павлодарлық мамандар үйлерге техникалық бағалау жүргізіп жатыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бірер күнде оның қорытындысы шығады.
Гүлшан Оспанова, мүлікті бағалаушы:Үйлерге қандай зақым келгенін зерттейміз. Оның тұруға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтаймыз. Бәрі суретке түсіріледі. Әр нысан бойынша жеке құжат әзірленеді. Қорытындысын тапсырыс берушілерге жолдаймыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06