Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы ұрып келген
10 жыл бойы әйелін ұрып-соқты делінген қазақстандық дипломат шұғыл түрде елге қайтарылады. Сыртқы істер министрлігі өкілінің хабарлауынша енді бұл іспен құқық қорғау органдары айналыспақ. Айта кетейік, бүгін «Не молчи» қорынан көмек сұраған әйелдің видеосы желіге тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты. Ол Карина Мамаш есімді келіншек. Айтуынша оның күйеуі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі. 10 жылдан бері аяусыз соққыға жығып, зорлық-зомбылық көрсетіп келеді дейді ол. Өз сөзінде өміріне қауіп төніп тұрғанын және оған мемлекеттің көмек көрсетуін сұрайды. Қазір бұл іске Сыртқы істер министрі араласып, аты дауға қалған елшінің көмекшісін Қазақстанға қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Паралимпиада – 2026: Қоржында қос жүлде
16.03.2026, 13:33
Шымкентте «Жарамазан Fest» басталды
16.03.2026, 13:30
Талдықорғандық қолөнер иелері қайырымдылыққа атсалысуда
16.03.2026, 13:24
Референдум күні 585 сәби дүниеге келді
16.03.2026, 13:21
Америкалық сарапшы референдумға қатысты ойын айтты
16.03.2026, 13:12
Премьер-министр Конституцияның қабылдануымен құттықтады
16.03.2026, 13:09
Электораттың 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған
16.03.2026, 13:06
15 наурыз Конституция күні болып белгіленді
16.03.2026, 13:03