Білім беру грантын жеңіп алуға мүмкіндік беретін негізгі Ұлттық біріңғай тестілеуге өтініш қабылдау мамырдың төртіне басталады. Бұл процесс 16-шы мамырға дейін жалғасады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде тіркелу уақыты 20-ға дейін созылды. Білім сынағы 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді. Биыл да талапкерлер тестілеуді екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.
Ниет білдіруші сынақ мерзімін және пунктін өздері таңдайды. Тестілеу форматында өзгеріс жоқ. Айтпақшы, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.