«Classic» радиосы: Facebook-те жетекші балет труппаларының өмірінен тікелей трансляция көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Facebook-те жетекші балет труппаларының өмірінен тікелей трансляция көрсетілмек

04.10.2016
«Classic» радиосы:  Facebook-те жетекші балет труппаларының өмірінен тікелей трансляция көрсетілмек

Тұңғыш рет әлемдік жетекші бес балет труппасы – Үлкен театр, Австралиялық балет, Королевский балеті, Канаданың ұлттық балеті және Сан-Франциско балеті солистерінің сахна сыртындағы өмірінен 20 сағаттық  тікелей трансляция бүгін Facebook әлеуметтік желісі мен Үлкен театрдың видеоарнасында көрсетіліп жатыр.

Осымен үшінші жыл қатарынан әлемнің жетекші балет труппалары бірігіп, көрермендерін сахна сыртына виртуалды саяхат жасауға шақырып келеді. Әлемдік балет өмірінен бір күн Facebook Live платформасында осы әлеуметтік желі тарихындағы ең ұзақ тікелей трансляция болмақ.

Дайын қойылымды көру үшін театрға келіп үйренген көрермендер енді сол қойылымның қалай дайындалатынын өз көздерімен тамашалай алады. Бір күн ішінде көрермендер балет әртістерінің күнделікті өмірімен таныса алады.

Хабарламаларға жазылу