Бельгиядағы қазақстандықтар қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді
Су тасқынынан зардап шеккендерге Бельгиядағы қазақстандықтар да қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің қолдауымен қазақ студенттерінің қауымдастығы диаспора мүшелерімен бірігіп қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Брюссельдегі KU Leuven университетінің ғимаратында өткен жәрмеңкеде ұлттық тағамдар, әшекей бұйымдар, қазақы кәдесыйлар саудаланды. Сатылымнан түскен қаражат қазақстандық қорларға аударылады.
Әлімсері Махамбетәли, «Qazaq society»қауымдастығының мүшесі:
Су тасқынынан көптеген адам зардап шекті. Сол кішігірім ұлттық тағамымызды сатып, ұлттық киімдерімізді кішігірім заттарды сатып, кішкене болса да ақшалай көмектесу. Ең басты мақсатымыз сол.
Джонес Райтенс, қала тұрғыны:
Табиғи апат жайлы естіп көңіліміз түсті. Сол аймаққа көмектесуге бағытталған бастама өте орынды. Қолдан келгенше көмектесуге дайынбыз. Жәрмеңкеде ұлттық тағамдарыңызды сатып алдым. Дәмі керемет.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда референдум қарсаңында ауқымды форум-концерт өтті
13.03.2026, 10:17
Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
13.03.2026, 10:13
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген
13.03.2026, 10:03
Австралияда жасөспірімдердің бестен бірі тик-токты қолданып жүр
13.03.2026, 10:00
Иранда соғыстан 2 мыңдай адам қаза тауып, миллиондағаны үйлерін тастап кетті
13.03.2026, 09:55
Атырауда мұз жұқарып, балықшыларға ескерту жасалды
13.03.2026, 09:52
«Қазгидромет» 13 өңірде ескерту жариялады
13.03.2026, 09:39
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
13.03.2026, 09:10