Абай облысында тарихи орында тазалық жұмыстары жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында тарихи орында тазалық жұмыстары жүргізілді

25.04.2024

Абай облысындағы «Жидебай» қорығында экологиялық акция өтті. Ондағы музей үйінің маңы абаттандырылып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің айналасы тазаланды. Жылына 50 мыңнан астам турист келетін тарихи өлкеде тазалық жұмыстарын бір реттік емес, тұрақты жүргізіп тұру міндетіміз, дейді сенбілікке келгендер. Шараға жастар, мәдениет қызметкерлері мен қоғам белсенділері атсалысты. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының құрамына өңірдегі өзге бірнеше мәдени ошақ кіреді. Экологиялық шара бір мезетте барлық нысандарда өтті. Оған жалпы 400-ге жуық адам қатысқан.

Айқын Ақболатов, «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының меңгерушісі

Біздің аудан үлкен септігін тигізіп міне бүгін 200-ден астам адам келіп тазартып жатыр. Бұл Жидебай қорығында 16 тарихи орын орналасқан. Оның бәріне біз осы күнге дейін өз күшімізбен тазалық жасап отырмыз. Дегенмен, бұл бізге ауданнан келген үлкен көмек деп білеміз. Аудан халқының барлығына басымды иіп рақметімді айтамын.

Бақытжан Ақанұлы, ұйымдастырушы:

Бұл жер біздің облысымыздың, ауданымыздың киелі мекеніміздің рухани айнасы десек артық емес. Өйткені бұл жерге алыс жақын шет елден, қазақ даласының түпкір-түпкірінен қара өлеңнің қадірін түсінген адамдар осы жерге келіп тәу етіп, бабалардың жатқан жерін тамашалап өздері рухани байып қайтады. Сондықтан бұл жердің тазалығы,өркендеп өсуі қазіргі Абай облысының әкімдігі, аудан әкімдігінің де басты назарында.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу