«Қазақстан халқына» қоры СҚО-да 100 баспана салады
«Қазақстан халқына» қоры Солтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында 100 баспана салады. Қор басшылығы облыс әкімдігімен осындай меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, тұрғын үйлер дайын инженерлік инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар «Солнечный – 2» шағын ауданында бой көтереді. Бұл құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді. Үйлердің жобасы зардап шеккен тұрғындармен келісе отырып жасалады.
Ал облыс әкімдігі құрылысқа қажетті жерді бөліп беріп, құрылыс компанияларын іріктейді. Айта кетейік, бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі ел бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлетінін хабарлады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05