«Қазақстан халқына» қоры БҚО-ға 141 үй салып береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры БҚО-ға 141 үй салып береді

24.04.2024

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 141 үй салып береді. Бұл іске қордан 10 млрд теңге бөлінеді. Қиындыққа бей-жай қарамайтын ел тұрғындары мен бизнес өкілдері жіберген қаражат та қосымша жолданады. Қор мен облыстық әкімдік өкілдері тиісті меморандумға қол қойды. Тұрғын үй жобасын жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Соған сай Жымпиты ауылында - 49, Бұлдыртыда - 25, Өлеңтіде - 38, Жетікөл мен Жаңақоныс елдімекендерінде бір-бір үйден салынады.

Бұл баспаналар техникалық тексеріс қорытындысы бойынша тұруға жарамсыз деп танылған. Әкімдік су басу қаупі жоқ аумақтардан жер учаскесін беруге міндетті. Әрі жарық, жол, су, газ желісімен қамтамасыз етеді. Құрылыстың барысы мен сапасын облыс әкімдігі жергілікті қоғамдық белсенділермен қадағалайды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу