Әскерилер Ақтөбеде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер Ақтөбеде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді

22.04.2024

Әскерилер Ақтөбеге барып, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Бүгін облыс орталығына «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының радияциялық, химиялық және биологиялық бөлімшелерінің 50 қызметкері барды. Олар өздерімен бірге 16 техника әкеліп, қала әкімдігіне тасқынның зардаптарын жоюға көмектеседі. Әскерилердің негізгі міндеті – зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу. Шаһар басшылығының ақпаратынша, қазір дезинфекция жасалатын аймақтар белгілі. Негізгі жұмыстар ертең басталады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу