Ақордада Қырғызстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Қырғызстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

19.04.2024

Ақорда сарайында Қырғызстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Садыр Жаппаров Астанаға ресми сапармен келген. Мәртебелі мейманға сый-құрмет көрсетіліп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Қос елдің басшылары ресми делегация басшыларын таныстырған соң келіссөз залына өтті.

Тараптар бүгін бірқатар маңызды құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу