Тасқын кезінде өлген мал өлекселері түгел өртелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқын кезінде өлген мал өлекселері түгел өртелді

17.04.2024

Ақтөбе облысында тасқын кезінде 3 232 бас мал өлген. Қазір өлекселерді жою жұмыстары жүріп жатыр. 6 ауданның бесеуінде бұл жұмыстар толық аяқталды. Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар енді Ойыл ауданына барды. Мұнда 1 мың 920 бас мал шығын болған. Қора-жайларды зарарсыздандыру жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Облыс аумағындағы сібір жарасы көмінділерінің үшеуіне су жайылғаны анықталған еді. Жауапты мамандар сараптама жұмыстары аяқталғанын, ешқандай қауіп жоғын мәлімдеді.

Айбек Сембай, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Жергілікті жердегі эпизотиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ауру тарамау үшін өртеледі.Тек күлі қалады.Содан кейін осы жердегі ветеринар мамандарымыз бар, олар малдарға вакцинация жасап жүр. Астанадан келген эпизоотиялық бригада дезинвекция жүргізіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу