Атырауда екі мыңға жуық сарбаз бөгет бекітіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда екі мыңға жуық сарбаз бөгет бекітіп жатыр

17.04.2024

Тасқын қаупі төніп тұрғын Атырауға еліміздің әр өңірінен сарбаздар көмекке келіп жатыр. Жауынгерлер қауіпті учаскелерге бөлініп, Жайық жағасын бекітуге кіріскен. Қазір бізбен әріптесім Жандос Темірғали тікелей байланысқа қосылады?! Жандос… Қанша сарбаз тасқынға қарсы бөгет қойып жатыр?

Жандос Темірғали, тілші:

Жайық бойындағы қауіпті саналатын 13 учаскеде 1859 сарбаз белжазбай жұмыс істеп жатыр. Олар өңірге Шымкент, Тараз, Маңғыстау өңірінен келген. Біз қазір Еркінқала ауылының тұсындағы секторда тұрмыз. Бұл жерде жұмыс қызып жатыр. Бір км жаға 4 жарым метрге биіктетілді. Сарбаздардың бөгет тұрғызудағы техникасы да бөлек. Міне, осылай қаз-қатар тізіліп, қапшықты ұстап, бір уақытта жағаны бекітеді.

Қазір 158 шақырым бөгет тұрғызылды. Учаскелерде мыңнан астам техника жұмыс істеп жатыр. Жаға бекітуге 8 мыңға жуық ерікті тартылған.

Бұған дейін тасқынға қарсы ғалымдар зерттеу жүргізіп жатыр деп едіңіз?! Қорытындысы белгілі ме?

Жандос Темірғали, тілші:

Әлі зерттеу аяқталған жоқ. Бір анығы су үш толқынмен келеді деп отыр. Бірақ оның қандай мөлшерде екені әлі белгісіз…

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу