Дубайды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайды су басты

17.04.2024

Дубай көшелері жаңбыр суына толды. Осының салдарынан мегаполисте көлік қатынасы қиындаған. Қаланың Халықаралық әуежайы сейсенбінің кешінде ұшақтарды қабылдай алмай, жаңбыр басылғанша басқа авиациялық порттарға бағыттауға мәжбүр болған. Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық метеорология орталығының хабарлауынша, жаңбыр бүгін де тоқтамайды, тіпті бүкіл ел аумағында жаууы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу