Жамбыл облысында ауру малдың еті базарда сатылған
Жамбыл облысында ауру малдың еті базарда сатылған. Өлген малдың етін жарамды өнім ретінде ұсынған екі цехтың жасырын жұмысы әшкере болды. Олар осылайша 5 жыл бойы пайда тауып келген. Прокурорлар Сібір жарасының күрт дендеп кеткен соң тексеріс жүргізген. Өйткені былтыр Жамбылда 19 дерек анықталып, аймақтар арасында алғашқы орынға шықты. Ал елді мекендердегі эпизоотиялық ахуалды жақсартуға соңғы 3 жылда 6.8 млрд теңге қаралған. Бірақ бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалған. Ал мың жарымға жуық малдың неден өлгені есепке де алынбаған. Тіпті Жуалы ауданында 500 бас сиыр лейкозбен ауырса да карантиндік шара жүргізілмеген.
Сағынтай Айтжанов, Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы басшысының орынбасары:
Жалпы тексеріс нәтижесімен 5 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылып, 10-нан аса лауазымды тұлғалар тәртіпті жауапкершілікке тартылды. Ветеринарлық бақылау комитетіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, зертханалық лаборотория басшысына сөгіс жарияланып, ветеринариялық инспекциясы басшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22