Қазақстан мен Армения арасында 10 келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Армения арасында 10 келісімге қол қойылды

15.04.2024

Қазақстан мен Армения арасында автомобиль қатынасы жанданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға ресми сапары аясында барыс-келісті жеңілдететін келісім жасалды. Осылайша, қазақстандық жүк көліктері Армения шекарасынан өткенде, экологиялық алымнан босатылады. Жалпы, Қазақ-Армян қатынасы соңғы бес жылда қарқынды дамып келе жатыр. Былтыр екі ел арасында 43 млн доллардың саудасы болған. Оны еселеп өсіретін қауқарымыз да бар, деді Президент. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде, тараптар өнеркәсіп, туризм, логистика, цифрлық даму және өзге де салалардағы ынтымақтастықты арттыратын 10 келісімге қол қойды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу