Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беріледі

15.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге Үкімет бекіткен өтемақы алу жолдарын, тағы еске салайық. Әуелі, жергілікті атқарушы органға өтініш жазу керек. Әкімдік құжатты тіркеп, азаматқа түбіртек береді. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Сондай-ақ, 10 күннің ішінде, мүлікке келген залал мөлшерін бағалауы тиіс. Шығын көлемі анықталғаннан кейін, әкімдік өтемақы төлеу туралы шешім шығарады. Осыдан кейін 30 күн ішінде зардап шегушіге өтемақы төленеді. Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы жағдай тұрақталып, су толығымен тартылғаннан кейін басталады. Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда, өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу