«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты

13.04.2024

Астанада көрнекті ғалым-геолог, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев туралы толықметражды фильмнің арнайы көрсетілімі өтті. Фильмде жас Қаныштың өмірі мен еңбек жолы баяндалады. Оның ішінде, ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдары көрсетілген. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясының негізіндегі толықметражды тарихи туындыны, бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады. Режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.

Әсет Есжан, актер:

Образға қаншалықты кірдім білмеймін. Бұның қиындығы жауапкершілігінде болды. Қаныштың әдебиетке, мәдениетке, оның археологияға, оның тарихқа сіңірген еңбегін көзіммен көріп, оқып, мынандай дүниелерді үлкен кәдімгідей жауапкершілікті алып, сондай Кеңес үкіметінің Жезқазғанды өз мамандығы бойынша зерттеп жүрген адамның басқа жұмыстарға қалай уақыт тапқанына таңқалам да. Қолынан не келеді елі үшін, соның бәрін аянбай жасаған адам.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу