Батыс Қазақстан облысына 100-ге жуық техника жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысына 100-ге жуық техника жеткізілді

14.04.2024

Батыс Қазақстан облысына Түркістан, Ақтөбе және Қызылордадан 100-ге жуық техника жеткізілді. Олар Теректі, Ақжайық, Бәйтерек аудандарына жіберіледі. Бір бөлігі Орал қаласында қалады. Қазір Алматыдан осы аймаққа шыққан техника тиелген 50 вагон жолда. Жалпы тасқынға қарсы күреске 6000-нан астам қызметкер, волонтерлар мен тұрғындар тартылған.

Қобыланды Мирас, қала тұрғыны:

Кішкене болсын көмек деп ойлаймыз бұның бәрі. Жан-жақтан келген көмекті сезініп жатырмыз. Неғұрлым көп техника соғырлым көп, қазір жылдам жұмыстар істеліп жатыр.

Нұркен Молдаш, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Енді Түркістан облысы бар, Қызолордадан келеді сосын Қостанайдан өздері айдап келе жатыр. Алматыдан келе жатыр. Бізге белгілісі 250-300 техника келе жатыр. Әлі де алда келетін техникалар бар.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу