Петропавлда үш күре жолдың екеуі жабылды
Петропавлды Ресей және еліміздің басқа өңірлерімен байланыстыратын 3 күре жолдың екеуі жабылды. Енді 12 ауданның тұрғындары облыс орталығына қатынай алмайды. Ұлттық арнаның осы аймақтағы тілшісі Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, енді көлік қатынасы қалай болады?
Эльмира Кәленова, тілші:
Петропавл - Жезқазған, Челябі - Новосібір жолдарын су басып қалды. Әзірше тек жүк көліктеріне жүруге рұқсат. Дәл қазір қалада жаңбыр құйып тұр. Жалпы облыста су кірген үйлердің саны сағат сайын артып жатыр. Әсіресе Петропавл қаласында жағдай күрделі. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 1800-ге жуық баспанаға су жайылған. Олар облыстағы 17 елді мекенде орналасқан. Петропавлдың Былғары зауыты шағын ауданы мен Заречный кенті түгел суда қалды. 7500 адам эвакуацияланды. Мамандар болжамынша, осы тәулік ішінде тасқын шарықтау шегіне жетуі мүмкін.
Қызылжар су мекемесінің сорғы станциясында жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Дегенмен бүгін басқа арна арқылы тұрғындарға тіршілік нәрі беріле бастады. Айта кететін тағы бір жайт, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғындар Театр көшесі 36-шы мекенжайы бойынша орналасқан Петропавл қалалық жұмыспен қамту бөлімі немесе шаһар әкімдігіне бара алады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атыраудағы ауылда өрт сөндіру пункті ашылды
11.12.2025, 17:24
Түркияда да интернет-алаяқтар көбейіп кеткен
11.12.2025, 17:21
Ресейде тұмаудың «Гонконг вирусы» өршіп кетті
11.12.2025, 17:18
Сауалнама: 16 желтоқсан
11.12.2025, 17:15
ҚСЗИ: Респонденттердің 38% жаңа мектептердің салынуын айтқан
11.12.2025, 17:12
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен медпункттер ашылды
11.12.2025, 17:09
«Алматы Су» сатып алған техникаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
11.12.2025, 17:06
Павлодарда сотты болған 10 адам білім саласында жұмыс істеген
11.12.2025, 17:03