Мемлекет басшысы Грузия парламентінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Грузия парламентінің төрағасын қабылдады

12.04.2024

Парламентаралық диалог – мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл ретте «Қазақстан-Грузия» парламентаралық достық тобы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге айтарлықтай ықпал етеді. Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазақстандық бизнес Грузия экономикасының түрлі секторында қызмет етеді. Сондай-ақ, екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі кеңейтуге үлес қосып келеді, деді Президент. Ал Шалва Папуашвили құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты. Бұл Грузия Парламенті төрағасының Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу