Канадада орман өрті қайта басталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада орман өрті қайта басталуы мүмкін

11.04.2024

Канадада орман өрттері қайта басталуы мүмкін. Бұны федералдық үкімет ескертті. Оның мәлімдеуінше, жасыл желектерге тағы да қауіп төнуіне елдің көп бөлігінде көктемде жазғы температураның орнауы себеп.

Былтыр Канада өз тарихындағы ең алапат өрттер маусымын бастан кешірді. Одан 8 адам қаза тауып, 230 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Және де 6600 өрт ошағы жан-жақты шарпып, 15 миллион гектар аумақты күлге айналдырған.


Хабарламаларға жазылу