Атырауда 42 шақырым бөгет салынды
Атырауда жаға бекіту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұрын хабарлағанымыздай қауіпті саналатын 107 аумақта жұмыстың жартысы біте келді. Толығырақ тікелей байланыста әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндайды. Нұрсұлтан, жұмыстар қалай жүріп жатыр?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүруде. «Қазгидрометтің» мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында су деңгейі 45 см, Атырау қаласында – 36 см көтерілген. Жағалауды нығайтуды күшейту үшін жергілікті атқарушы орган тапсырыс берген барлық жол, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Сондай-ақ, ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізіліп, оларда бұған қолғабыс етуде. Шамамен 673 техника және 7 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. Соңғы 3 күнде 42 км жағалауды нығайту бөгеттері салынып, 350 мыңнан астам қапшық төселген.
Жақын арада өңірге көмекке Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қосымша ауыр техника келмек. Жұмыстарды тезірек аяқтау қажет. Өйткені су деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Жалпы Жайық өзені бойында облыс аумағында 26 елдімекен орналасқан. Атырау қаласынан бөлек, оның 7-еуі Индер, 18-і Махамбет ауданында. Қазір ол жақтада жұмыс қызу, тұрғындар мен жауапты қызметкерлер күні-түні жаға бекітіп жанталсуда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция
10.04.2026, 18:35
Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
10.04.2026, 18:28
Түркиядағы студенттер бауырсақ пісіріп сайысты
10.04.2026, 17:35
Таразда қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді
10.04.2026, 17:33
Талдықорған - Астана бағытында пойыз жүре бастады
10.04.2026, 17:30
Ырғыз ауданында ветеринар тапшы
10.04.2026, 17:27
Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» байқауы өтіп жатыр
10.04.2026, 17:25
Қызылордада ғылыми жобалар көрмесі болды
10.04.2026, 17:22