Су тасқыны: Қостанайда біржолғы әлеуметтік төлем 620 отбасына төленді
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерде біржолғы әлеуметтік төлем төлене бастады. Бұл көмекті 620 отбасы алды. Оларға жалпы 114 млн теңгеден аса қаражат төленді. Ал, өңірді су басуына байланысты 27 елдімекен жарықсыз отыр. Себебі, электр бағандары суда қалған. Сол себепті де оларды қалпына келтіру жұмысы қиындаған. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады. Бастысы, Қостанай облысында тасқынға байланысты жағдай тұрақталған.
Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:
Бүгінгі таңда облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталды.
Негізгі су қоймаларында су ағызу баяулатылды. Мәселен, Қаратомар су қоймасында су ағызу секундына 1 600 текше метр құрады. Сондай-ақ, Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14