Су тасқыны болған аймақтарда құтқарушылар мен аймақ тұрғындары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны болған аймақтарда құтқарушылар мен аймақ тұрғындары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны болған және қауіп алдында тұрған облыстарда құтқарушылар мен аймақ тұрғындары тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қазір оларға су бөгетін жасауға құм салатын қапшық, күрек, қолғап пен қоларба қажет. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар түнгі жұмыстарға қолшамдар тапшы деп отыр. Ал су тасқынынан зардап шегіп, үйсіз қалған ағайынға дәл қазір дәрі-дәрмек, көрпе-жастық және балаларға арналған тағам мен жөргек жетіспей жатыр. Сондай-ақ, резеңке етіктер мен жылы киімдер қажет.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу