Су тасқыны болған аймақтардағы қарулы күштердің дені құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 814 адам, 44 әскери техника, 3 тікұшақ, 2 әскери көліктік авиация жұмылдырылған. Бүгінге дейін авиациямен 262 адам, 4 200 келі жүк тасымалданды. Әкери қызметшілер құм салынған қаптарды дайындап, бөгет жасап жатыр. Олар ауысып жұмысып істейді.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
Солтүстік Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 30 әскери қызметшісі Петропавл қаласының шетіндегі саяжай алабы ауданында 1000 қап құм дайындап, Есіл өзенінің бөгетін күшейту жұмыстарын жүргізді. 8 - сәуірде облыс әкімінің өтініші мен Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қарулы Күштерден Астана қаласынан қосымша 300 әскери қызметші бөлінді.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарулы күштердің дені апатты аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/191848/)