«Classic» радиосы: Италиялық жасөспірімдерге 500 еуро көлемінде сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Италиялық жасөспірімдерге 500 еуро көлемінде сыйақы беріледі

02.09.2016
«Classic» радиосы: Италиялық жасөспірімдерге 500 еуро көлемінде сыйақы беріледі

500 мыңға жуық италиялық жасөспірім мәдени-ағартушылық мақсатта Үкіметтен 500 еуро көлемінде сыйақы алады. Бұл қаражат кітап алуға, классикалық музыка концерттеріне, сонымен қатар, театрлар мен киноға билет алуға жұмсалмақ.

«Мәдени Бонус» купонына өтінімдерді интернет арқылы жолдауға болады. Билік өкілдері бұл жоба аясында 300 миллион еуро көлемінде қаражат жұмсауға әзір. Елдің мәдени деңгейін көтеру мақсатында мұндай бастамананы Италия Премьер-Министрі Маттео Ренцидің өзі көтерген.

 

Хабарламаларға жазылу