«Сlassic» радиосы: Әлемдегі ең бірінші «тыныш» опера Австралияда пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сlassic» радиосы: Әлемдегі ең бірінші «тыныш» опера Австралияда пайда болады

01.09.2016
 «Сlassic» радиосы: Әлемдегі ең бірінші «тыныш» опера Австралияда пайда болады

«Австралия» операсы мен Сидней опера театры толыққанды оркестрдің, хор мен солистердің қатысуымен әлемдегі ең бірінші «тыныш» операны дайындаумен айналысуда»,-деп жазады австралиялық «Сидней Морнинг Геральд» басылымы. 

Операның ерекшелігі – 3 мың көрермен ғимараттың алдында тұрып, музыканы құлаққап арқылы тыңдайды.  Солистер микрофон арқылы сыртта жұмыс істейді. Ал, хор мен оркестр іште болады.

Осы қойылымға арнайы жазылған «Сегізінші ғажайып» (Восьмое чудо) операсының премьерасы  биылғы жылдың 28-қазаны күні болады.    

Хабарламаларға жазылу