АҚШ-тың 6 штаында 700 мыңдай тұрғын электр жарығынсыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың 6 штаында 700 мыңдай тұрғын электр жарығынсыз қалған

07.04.2024

АҚШ-тың Жаңа Англия өңірінде қолайсыз ауа райы болып, 6 штатта 700 мыңдай тұрғын электр жарығынсыз қалған. Өңірде қатты жел тұрды. Тіпті 30 сантиметрдей қалың қар жауған. Жаңбыр да жауып, су тасыды. Кей бөліктерде жел сағатына 97 шақырым жылдамдықпен соққан. Ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Электр қуатын қайта беруде қиындықтар туындап жатыр. "Ассоушиетид пресс"-тің мәліметінше, жағдай сейсенбіге дейін қалпына келмеуі ықтимал.


Хабарламаларға жазылу