Су тасқыны болған аймақта 15 мыңнан астам полицей мен сарбаз құқықтық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны болған аймақта 15 мыңнан астам полицей мен сарбаз құқықтық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған

07.04.2024

Ішкі істер министрлігінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құқықтық тәртіпті сақтау үшін 15 мың, авариялық құтқару жұмыстарына 5500 полиция және Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары 39 ауданның елдімекендерін күзетіп тұр. Оның ішінде 1200-ден астам тұрғын үй мен басқа да нысандар бар. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, тонау, ұрлау фактілері тіркелмеген.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалған ақпарат таратпау мақсатында мониториг жүргізіліп жатыр. Миннистрлік өкілі ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы бар екенін ескертті. Бұдан бөлек, жағдай нашарласа министрліктіңт резерві дайын, дейді.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалыс шектелді. Су басқан аймақтардан полицияның сүйемелдеуімен арнайы коллона мен 3,5 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Сондай-ақ,полиция стратегиялық нысандарды да қоғауды қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, 70 ауыз сумен жабдықтау объектісі және 91 су шаруашылығын тәулік бойы күзетуде. 

Су тасқыны болып жатқан аймақтарда төтенше жағдай басталғалы бері еріктілер жұмыс істеп жатыр. Қазір барлық өңірде волонтерлік штаб құрылған, онда 20 мыңнан астам адам тартылған. Біріңғай байланыс орталығы құрылды. Сондай-ақ, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мақсатында волонтерлерді бөлу және үйлестіру үшін аймақтың штаб жұмыс істеп тұр, деді азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова.

Гүлбара Сұлтанова, ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:

Волонтерлер су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге,сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына қатысуда. Сонымен қатар, әр өңірде медиа волонтер жұмыс істейді. Өңірдегі су тасқыны жайлы халықты хабардар етеді. Еліміздің 13 өңірінде гуманитарлық көмек жинау аллгаритімдерін түсіндіру жедел тобы құрылды. 


Хабарламаларға жазылу