Астанада «Ұлы дала баласы» жобасының қорытынды кеші  өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ұлы дала баласы» жобасының қорытынды кеші  өтті (ФОТО)

24.08.2016
Астанада «Ұлы дала баласы» жобасының қорытынды кеші  өтті (ФОТО)

23 тамызда Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ұлы дала баласы» жобасының қорытынды кеші  өтті.  Жобаның басты кейіпкері – әнші Төреғали Төреәлі.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай елдің тұрмысын, қазақ халқының қонақжайлылығын, Қазақстанның әр аймағына тән ерекшеліктерін көрсету және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды насихаттау мақсатында қолға алынған жобаның түсірілім жұмыстары Қарағанды, Атырау, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Шымкент, Павлодар қалаларында өтті.

Айта кету керек, реалити-шоу аясында Шымкенттегі «Назар Текстиль» кілем тоқыма фабрикасы мен «Қырғы» базары, Сыр еліндегі «Көксу» қосалқы шаруашылығы мен Нағи Ілиясов ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі, Төреғалидің туған жері - Байқоңыр қаласы, Қарқаралыдағы «Нұрсая» этноауылы, «Қарағанды-НАН» корпорациясы, Қарағанды металлургия комбинаты, Атырау бекіре өсіру зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Бурное» Күн электр станциясы, «Тараз Арена» спорт сарайы, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, «Шәушен» шаруа қожалығы, Павлодар алюминий зауыты мен «Сақып» шаруа қожалығы, Оралдағы «Зенит» зауыты мен «Попков» шаруа қожалығы және тағы басқа өңірлердегі маңызды өндіріс орындары таныстырылды.

Астанадағы кеш өзге өңірлердегі кештен өзгеше болды. Мұнда Төреғали Төреәлі отандық эстрада жұлдыздарының әндерін орындаса, танымал әншілер керісінше, Төреғалидің хит әндерін көрерменге тарту етті. Кеште Гүлнұр Оразымбетова, Ақылбек Жеменей,  Тамара Асар, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан, Ғаділбек Жанай, Айқын, Серік Ибрагимов, Ерболат Құдайбергенов, «Жігіттер» квартеті, «Алашұлы», «Ханзада» топтары өнер көрсетті.

Кешті Ұлттық арнаның танымал тележүргізушілері Бейсен Құранбек пен Ләйлә Сұлтанқызы және «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов жүргізді.

Еске сала кетейік, 28 тамыз 21:00-де Ұлттық арнадан «Ұлы дала баласы» жобасының Орал қаласында өткен концертін тамашалай аласыздар.

рраа

опро

ввпвр

фцу

ц

кеғ

уууууу

аЫВаыва

пукп

куу

ук

к

Хабарламаларға жазылу