Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделі, қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделі, қатаң бақылауда

04.04.2024

Батыс Қазақстан облысында жағдай бірқалыпты күрделі және қатаң бақылауда. Қазір тасқынның салдарын жою және апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде Шаған өзені қауіпті деңгей 1300 метрден асып, елді мекендер мен саяжайларға қауіп төндірді. Құм қапшықпен жағаны бекіту жұмысына құтқарушылармен қатар Ұлттық ұлан сарбаздары, Алматыдан келген әскерилер тартылған. Бәйтерек ауданы Махамбет ауылына қарғын су келіп, 15 үйге су жайылды. Ауданда 8 елді мекенді су басу қаупі бар. Тұрғындар ауыл мектебіндегі эвакуациялық орталыққа орналастырылды. Ал қала іргесіндегі «Жұлдыз» шағынауданына қарғын судан қауіп төндіріп, құтқарушылар іске кірісті.

Нұржан Төлеуіш облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Ақпараттық-сараптамалық тобының аға инженері:

Қазір біз қаладағы «Жұлдыз» шағынауданында тұрмыз. Еріген қар суын сору жұмысы жүргізіліп жатыр кешегі түннен бері. Түнде облыстық төтенше жағдайлар басқармасына хабар түсті. Жедел топ келіп, үйлерді басып кетпес үшін мотопомпамен еріген қар суын сорып жатыр.


 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу