Қазақстан мен Қырғызстанның авиациялық іздестіру саласында ынтымақтастығы нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстанның авиациялық іздестіру саласында ынтымақтастығы нығаяды

03.04.2024

Қазақстан мен Қырғызстанның авиациялық іздестіру саласында ынтымақтастығы нығаяды. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлдады.

Құжат апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру бойынша шаралар қабылдауға және құтқару жұмыстарын жедел ұйымдастыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, авиациялық оқиғалар туралы өзара хабарлап, тараптардың іздестіру-құтқару қызметтерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу, ақпарат және тәжірибе алмасуға да септігін тигізеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу