Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу