Су басқан аймақтарда электр энергиясы әдейі өшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан аймақтарда электр энергиясы әдейі өшірілді

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су басқан аймақтарда электр энергиясы әдейі өшірілді деп отыр. Қысқа тұйықталулар мен адамдарға тоқ соғуының алдын алу үшін трансформаторлардың жұмысы уақытша тоқтатылған. Қауіп сейіліп, құтқарушылар рұқсат берген сәтте барлық елдімекен жарықпен қайта қамтылады деді ол.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Кей өңірлерде тасқын су электр бағандарын құлатып кеткені рас. Мәселен Қостанайда осындай жағдай тіркелді. Дегенмен, барлық апаттар жылдам реттеліп, бағандар қалпына келтірілген. Бұл жұмыстарға мемлекеттік органдармен қатар жарықпен қамту компаниялар да атсалысты.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу