4 сәуір күні Мемлекет басшысы тасқыннан зардап шеккен облыстардың біріне барады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады",- деп жазған.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы тасқыннан зардап шеккен облыстардың біріне барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/191408/)