Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бас есепшісі 11 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектеп директорының орынбасары мен бас есепшісі 11 млн теңге жымқырған

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

Алматыдағы мектептердің бірінде бас есепші мен директордың орынбасары 11 миллион теңге жымқырған. Қала прокуратурасының мәліметінше, олар 2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейін кейбір бюджеттік төлемдерді негізсіз аударып келген. Күдіктілер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығы шектелді. Мемлекетке келген шығын толық қайтарылған. Үкім заңды күшіне енді.


Хабарламаларға жазылу