Қарағанды облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін
Қарағанды облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. Себебі, Нұра, Осакаровка аудандарында қардың 40 пайызы әлі ерімеген. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Бақытұлы қазір бізбен тікелей байланыста,
– Жандос, су тасқынына қарсы қандай жұмыстар қолға алынды?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Аудандарда тасқынның алдын алу шаралары күшейетілді. Қазір дамбылар нығайтылып жатыр. Алдын алу шараларына құтқарушылар, яғни жұмыс күші жеткілікті. Тәулігіне мыңдаған адам, 100 ге жуық техника тоқтаусыз жұмыс істеуде. Шерубай-Нұра өзендерінің бас жағындағы қар қайта жылдам еріп жатқан жоқ. Сонда да ағыс жылдамдығын тежемеу үшін қалың мұздарды жарып жатыр.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан жіберіліп жатқан су көлемі ұлғайған соң, төменде орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде апаттың алдын алу жұмыстары қолға алынды. Ал, төтенше жағдай жарияланған Шет ауданында 40 тан астам үй суға кетіп 300 дей адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір судың беті қайтып, тұрғындар баспанасына орала бастады
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05