Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ

02.04.2024

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупі жоқ. Өңірдегі жазық аудандарда қар толық еріп кетті. Біртіндеп жердің де тоңы жіби бастады. Ал Қотанқарағай,Алтай, Марқакөл, Күршім және Самар сияқты таулы аудандарда қазір қар біртіндеп қана еріп жатыр.Бұл өңірлерде түнде 5-10 градус суық. Тек күндіз ғана жылы. Бұл қардың қалыпты кетуі мен өзендердің тасымауына септігін тигізіп отыр. Дегенмен қар қалың түскен аудандардағы жағдайды көру үшін салаға жауапты басшылар тікұшақпен шолып шықты. Қарғын судан қауіп болуы мүмкін аумақтардағы көпір мен арық-атыздарды тазалуға әскерилерде жұмылдырылды.

Жалпы аймақта тасқынға тосқын жасау үшін 55 мың қап, 6 мың тоннадан астам инертті материал және 406 тонна жанар-жағармай дайындалды. 3 мыңға жуық маман мен 700 ден астам техника және 234 сору құралы, 61 қайық та дайын тұр.

Бақытжан Баяхметов, облыс әкімнің орынбасары:

Енді қазіргі жағдайды айтатын болсақ, су басу қаупі жоқ. Бізде енді қауіп болғанда Қара Ертістің жүруіне байланысты.Енді оның басына жаңа барып келдік. Негізі ол жерде мұз жарылып, су өзінің арнасында жүріп жатыр. Сондықтан барлық облыс бойцынша жағдай күнделікті бақылауда. 


Хабарламаларға жазылу