Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 6 автожолда қозғалыс шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 6 автожолда қозғалыс шектелді

02.04.2024

Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар 6 автожолда қозғалыс шектелді. Бұл туралы Көлік министрі Үкімет отырысында мәлім етті. Ведомство басшысының хабарлауынша, тасқын басталғалы бері республикалық трассаларда 66 су басу жағдайы тіркелген. Яғни, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарындағы автожолдарды су шайған. Сондықтан қауіпті учаскелер мен көпірлерде қозғалыс жылдамдығын сағатына 25 шақырымнан асырмай жүру туралы шектеу енгізілді. Қазір аталған аймақтардағы тасжолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді көлік министрі.

Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:

Қосымша жасанды құрылыстар салынады. Құбырлардың өткізу қабілеті ұлғайтылады. Жер төсемелерінің биіктігі арттырылады және апатты жағдайдағы көпірлер бірінші кезекте жөнделетін болады.


Хабарламаларға жазылу