Батыс Қазақстан облысында трансшекаралық өзендерде су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр
Батыс Қазақстан облысында трансшекаралық өзендерде су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр. Елдмекендерге қауіп бар. Өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығуға әзір тұр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Қазір Ресейден бастау алатын 5 өзенге су өте көп көлемде келіп жатыр. Біз қазір Шаған өзенінің жағасында тұрмыз. Көріп тұрғаныңыздай, судың қарқыны қатты. Гидобекеттегі қауіпті деңгей 1280 см болса, сол межеге қазір 30 см ғана қалды. Сондай-ақ Деркөл өзені арнасынан асып түсті. Қазір тасқын су Бәйтерек ауданы Белес ауылына қауіп төндіріп тұр. Сондай-ақ, Жайық өзенінде де су көлемі сәт сайын артып келеді. Салдарынан Орал қаласы мен Бәйтерек, Теректі аудандарын су басу қаупі бар. Соңғы мәлімет бойынша, қазір Жайықтың суы 6 метрге жуықтады. Қауіпті деңгей 8,5 метр. Жайыққа су Ресейдегі Ирикла су қоймасынан келеді. Онда қазір секундына 390 текше метр су тасталып жатыр. Ал былтыр бар-жоғы 15 текше метр су келген еді. Яғни су көлемі былтырғыдан 83 есеге көп. Мамандардың мәліметінше, судың деңгейі облыста 30 жыл бұрын болған ең жоғары көрсеткіштен асып кеткен.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16