Төтенше жағдай кезінде мал мен мүліктің шығынын өндіріп алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде мал мен мүліктің шығынын өндіріп алуға болады

01.04.2024
0:00:00
0:00:00

Төтенше жағдай кезінде мал мен мүліктің шығынын өндіріп алуға болады. Ол үшін мүлкіңіз сақтандырылғаны абзал. Мамандар қолда бар дүниені сақтандыруға кеңес береді. Бұл ерікті түрде жасалады деді. Мәселен, Түркиядағы зілзала аумағындағы барлық тұрғын үйлер сақтандырылған. Соның арқасында былтырғы жер сілкінісінде мемлекет барлық шығынның 30%-ын компаниялардан өндіріп алған.

Бұл сақтандыру қызметінің арқасында, ауыр дертке шалдыққандар мен қиын жарақат алғандар қажетті деңгейде медициналық көмекке жүгіне алады. Сонымен қатар, қорадағы малыңызды, көлігіңізді, тіпті денсаулығыңызды сақтандыруға мүмкіндік бар. Мұның тиімді жағы көп дейді мамандар. Мысалы, үйіңіз суға кетіп немесе өртеніп кетсе, еркін сақтандыру арқылы барлық шығынды қайтарып ала аласыз.

Гүлназ Мұхтарова, Сақтандыру компаниясының атқарушы директоры:

Шарттың ішіне неше түрлі жағдайларды кіргізуге болады. Су тасқыны, зілзала, қатты жел т.б. Төлемі де үлкен емес. Үйдің бағасына қарай. Мысалы 30 млн үй болса 0,1% сақтандыру төлемі болады. 30 мың теңгеге шығады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу