«Қазақтелеком» мен «Air Astana» жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтелеком» мен «Air Astana» жауапқа тартылды

01.04.2024

«Қазақтелеком» және Air Astana қызметкерлері қазақстандықтардың деректерін таратқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми ақпарат берді. Биыл 16 ақпанда белгісіз біреулер GitHub ресурсында қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректері хакерлерлік топтардың бірінде жарияланып кеткен. Тексерістен соң 2 заңды тұлға жауапқа тартылды. Қазір аталған ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу