Астанада тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өтті

01.04.2024

Астанада белгілі тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров бірқатар тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өткізді. Отандық ғалым қазақ атауы кездесетін ортағасырлық 130-дан астам картаны бір кітапқа біріктірген. Құнды деректер қазақ мемлекетінің даму кезеңдерін айқын бейнелейді. Тарихшы авторлық лекциясында зерттеу жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталып, қазақ мемлекеті туралы тарихи деректермен бөлісті. Іс-шараға тарихшылар, мемлекеттік қызметкерлер, орта оқу орындарының тарих мұғалімдері, сарапшылар, Қазақстан тарих ғылымының маңызды жаңалықтарына қызығушылық танытқан білім өкілдері қатысты. 

Аида Ахметбек



Хабарламаларға жазылу